+7 775 666 69 89
Диагноз: қатерлі ми ісігі
Атыраулық Анарға үміт сыйлайық!
Zap-X радиосәуле емінен кейінгі тексерілуге қаражат жиналуда
Қажет сома: 1 000 000 теңге
Сіздердің арқаларыңызда Жиналды: 0 теңге
Қалғаны: 1 000 000 тенге.
8-771-514-86-86
номерді көшіру үшін басыңыз
8-775-666-69-89
номерді көшіру үшін басыңыз
bf.sevass@gmail.com
мэйлді көшіру үшін басыңыз
реквизиттер Анар Б атында
Байменова Анар
10 жылдық күрес… Үш балам үшін өмір сүргім келеді!
Құрметті қазақ елі, қадірлі ағайын!
Ең алдымен, маған қолдау көрсетіп, қиын сәтте жалғыз қалдырмаған әрбір жанға шын жүректен алғысымды білдіремін!
Сіздердің көмектеріңіздің арқасында 2026 жылдың ақпан айында Үндістанға барып, Apollo клиникасында толық тексеруден өттім. Дәрігерлер нақты диагнозымды анықтап, заманауи Zap-X аппаратымен сәулелік терапияның толық курсын қабылдадым. Бұл мен үшін үлкен үміт болды.
Менің есімім — Анар. Мен үш баланың анасымын.
Міне, 10 жылдан бері бір дертпен күресіп келемін. Осы жылдар ішінде қаншама ауыр күндер, көз жасы, қорқыныш пен үміт қатар жүрді. Кейде шаршадым, кейде күйзеліске түстім. Бірақ әр жолы үш баламды ойлап, қайта күш жинадым.
Үшінші балама аяғым ауыр кезде денсаулығым күрт нашарлады. Босанғаннан кейін мені шұғыл түрде санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіп, ота жасады.
Қазақстанда қолжетімді емдеу мүмкіндіктері таусылған соң, шетелден ем іздеуге мәжбүр болдым.
Аллаға шүкір, сіздердің қолдауларыңызбен Үндістанға барып, қажетті емімді алдым.
Енді маған Үндістанға қайта бару қажет. Дәрігерлер емнің нәтижесін бағалап, аурудың динамикасын бақылау үшін қайта тексеруден өтуімді ұсынды. Бұл — алдағы емдеу жолын анықтау үшін өте маңызды кезең.
Шынымды айтсам, он жыл бойы аурумен күресу оңай емес. Мен де кейде қорқамын, жылаймын, шаршаймын. Бірақ балаларымның жанында болып, олардың есейгенін көргім келеді. Ана ретінде ең үлкен арманым — денсаулығымды қалпына келтіріп, отбасыма аман-есен оралу.
Қадірлі ағайын, сіздерден тағы да көмек сұрауға мәжбүрмін.
Қол ұшын созуға мүмкіндігіңіз болса, емімді жалғастыруыма көмектесулеріңізді өтінемін. Ал қаржылай көмектесе алмасаңыздар, менің оқиғамды жақындарыңызға, достарыңызға таратыңыздар.
Бәлкім, сіздердің бір бөлісулеріңіз менің емімді жалғастыруыма себеп болар.
Мен берілгім келмейді. Өйткені мені үйде күтіп отырған үш балам бар.
Сіздердің әрбір қолдауларыңыз мен үшін тек қаржылай көмек емес, ертеңгі күнге деген үміт.
Алла разы болсын! Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын!
Ізгі ниетпен,
Анар, үш баланың анасы. ❤️
Құжаттар
Жеке куәлік пен мүгедектік туралы анықтама
Үндістан емханасының құжаты
❤️ АНАРҒА КӨМЕКТЕСІП, СБОРДЫ БҮГІН ЖАБАЙЫҚ!
Бір сәтке елестетіп көріңізші…
🙏 1 000 адам × 1 000 ₸ = 1 000 000 ₸
🙏 2 000 адам × 1 000 ₸ = 2 000 000 ₸
🙏 5 000 адам × 1 000 ₸ = 5 000 000 ₸
Бір адамға аз көрінетін сома көпшілік біріккенде үлкен көмекке айналады!
Анардың еміне қажетті қаражатты бүгін-ақ жинауға атсалысайық!
🤲 Қол ұшын созыңыз!
❤️ Достарыңызбен бөлісіңіз!
📲 Осы үндеуді барынша таратыңыз!
Бір адамның қолынан келмегенді, бір ел болып жасай аламыз!
Made on
Tilda