Сіздердің арқаларыңызда кімге жәрдемдестік
1
16 519 $
Алдиярдың оқиғасы үміт пен мотивация сыйлайтын ғажайып нәтижеге келген хикая...
Қазақстанда бүйрек обырының 4 дәрежесі диагнозы қойылған болатын. 6 курс химиотерапия өтіп тағы 6 курс химия өту жоспарланған болатын. Емінің ортасында Алдияр Стамбул қаласындағы Медипол Мега емханасына диагностикадан өтуге және емін жалғастыру үшін ұшып келді. Толық қан талдауларының нәтижесі баланың ағзасының толығымен тазарып ремиссияға шыққандығы анықталды. Ары қарай химия жалғастырудың қажеті жоғы да белгілі болды. Үйіне оралып жақын 5 жыл ішінде тек жергілікті дәрігерлер бақылауында болады. Мұндай ғажайыптар да болады. Ем іздеп келген балақайға Түрік дәрігерлері армандаған сөзін айтты «Сен жазылдың!»
Жумабеков Алдияр, 16 жас
Арыкова Сайранкуль
Сайранкуль в Казахстане был выявлен диагноз рак желудка и
Сайранкүлге Қазақстанда асқазан обыры диагнозы қойылып, қатерлі ісікті алу отасы жасалған болатын. Стамбул қаласында Мемориал ауруханасына келіп, толық терең диагностика жасалды. Нәтижесінде анабезінде ісіктің орын алғаны белгілі болды. Және де химиятерапия алмас бұрын бұл ісікке ота жасап, оның қатерлі ме жоқ па екендікін анықтау маңызды болды. Ісік алынғаннан соң химиятерпия басталды. Ал егер отасыз химия жасалса, ісік ұлғая түсіп емді күрделендіре түсу ықтималдығы жоғары болғанын мәлімдеді түрік профессор. Сайранкүл емін аман-есен аяқтап, енді тек дәрігерлер бақылауында.
5 000 $
2
Лекай Зейнеп, 9 жас
Бұл тағы бір ғажайып соңына ұласқан оқиға. Зейнептің ми қатпарында ісіктің орын алғаны анықталып, МИ ҚАТПАРЫНЫҢ ШВАНОМ ІСІГІ диагнозы қойылған болатын. Бүлдіршінді анасы Стамбул қаласының 2 ең үздік емханаларынан - Мемориал және Коч - тексеруден өткізіп, профессорлар пікірін алды. Стамбулдық онколог мамандар консилиумының нәтижесінде ісікті тиіспей, тек әр 6 айда дәрігер бақылауында болып диагностикадан өтіп тұру ұсынылды. «Түрік емханаларында ақша алу үшін барлығын жасайды» деген жалған пікірді теріске шығарған тағы бір дәлел.
5 181 $
3
Шахмаров Эмир, 2 жас
Эмирдің еміне қаржы жинау бүкіл Қазақстан бойынша ең ауқымды 2,3 млн $ жинау болды. Балақайға СМА (спиномышечная атрофия) диагнозы қойылған болатын. Бұл аурудың жалғыз емі осыншама қаражат тұратын Золгенсма екпесін алу болып табылады. Егер де екпені баланың 2 жасқа толуына дейін алып үлгермесе, онда ол өлімге әкеліп соғады. Эмирдің әке-шешесі қатыгез аурумен теңсіз шайқасының бірден бір үлгісі. Қажетті қаражат толығымен уақытылы жиналып, Эмир армандаған екпесін алып, оңалу жолында.
2 300 000$
4
Озат Жәнібек
Жәнібекке апластикалық анемия диагнозы қойылды. Өкінішке орай, бала тым ұзақ уақыт Қазақстанда болып емделуге мүмкіндігін өткізіп алған. Жәнібекке ағзаны бірқалыптандыруға көмектесетін қымбат дәріні күнделікті пайдалану ұсынылды. Ол дәрі Қазақстанда тегін беріледі.
7 000 $
5
Солтанхан Арыстанбек
Бұл оқиға ең ғажайып және тылсым күшке толы. Арыстанбек 3 дәрежелі өкпе обыры (омыртқа жотасы мен бауырында метастаздар) диагнозымен Түрік еліне диагностикаға келді. Біздің және өз таныстарының ұсынысы бойынша бір емхананың 2 түрлі дәрігері ұсынылып, екеуінің де кеңесін алды. Әрқайсысының бірін-бірінен өзгеше өз емдеу әдісі болды. Біріншісі жедел түрде химиятерапия бастау керектігі жайлы айтты. Екінші дәрігер 10 күн күте тұрып, қосымша зерттеуге Америкаға анализдер жіберуді ұсынды. Себебі оң нәтижелі жауап алған жағдайда Арыстанбекті иновациялық жаңа әдіспен емдеу мүмкіндігі болатынын түсіндіріп айтты. Біздің ұсынған дәрігеріміздің тәжірибелігі мен жан жақты оқығандығы арасында Арыстанбек стандартты химиятерапия орнына ақылды дәрілермен ем бастады. Нәтижесінде барлық метастаздар кетіп, өкпедеді ісіктер кетіп қана қоймай жалпы ағзаға да еш зиян келмеді. Яғни тек дәрілерін іше отырып күнделікті өмірін жалғастырып отырды. Ғажайып деп осыны айт!
27.000 $
6
интервьюді көру
Бахтыбаева Лейла, 4 жас
Лейлада көбінесе егде тартқан адамдарда кездесетін аққан ауруының сирек түрі - Миелодиспластический синдром, Ювенильный моноцитарный лейкоз. Қазақстанда 2 рет жілік майы трансплантациясы өткізілді. Өкінішке орай ауру қайта оралды.
Стамбул қаласының Медипол мега емханасында Лейлаға үшінші жілік майы трансплантациясын өткізді. Ота сәтті өтті. Жағдайы ақырындап бірқалыпқа келуде. Қазіргі уақытта түрік дәрігерлерінің қарамағында бақылауда. Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
32.100 $
7
Еламан Баглан, 15 жас
Бағланда аққанның агрессивті түрі - острый миелобластный лейкоз. Алғаш диагноз қойылған сәтте ем Қазақстанда жүргізілді. Бірақ ауру қайталанып рецидив болған соң Бағланның ата-анасы Стамбул қаласындағы Медипол емханасына келеді. Түрік дәрігерлерінің қолынан келгенінің барлығын жасағанына қарамастан ауру Бағланды алып кетті. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын батырымыз.
58.000 $
8
Абин Батыр, 5 жас
Батырға аққанның агрессивті түрі - острый миелобластный лейкоз диагнозы қойылған болатын. Қазақстанда ем алу кезінде аса ерте рецидивпен ауру жаңа күшпен соққы берді. Балақайды жедел түрде Стамбул қаласындағы медипол мега емханасына әкелгенімен түрік дәрігерлері өмірін сақтап қала алмады. Алла Тағалам Батырды өз панасына алып, жұмақтың төрінен орын алуын нәсіп етсін деп дұға етеміз.
112.000 $
9
Орлова Диана, 2 жас
Алғаш туған күнінің ертесіне кішкентай ханшайымның генетикалық сынықтарымен острый лимфобластный лейкоз (аққан) ауруына шалдыққаны белгілі болады. Түрік елінде Стамбул қаласының Медипол мега емханасынла алған толық химиятерапия нәтижесінде Диана ремиссияға шықты. Қазіргі уақытта емі толық аяқталып дәрігерлер бақылауында таблетка түріндегі құрғақ химия ішуді жалғастыруда. Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
119.800 $
10
Қайрол Исмаил, 2 жас
Отбасыларына қатыгез ауру басып кіргенде Исмаил бар жоғы 2 жаста, ал қарындасы не бары 6 айлық еді.Баласының диагнозын – жұмыртқа гранулациторды саркома – біле сала әкезі өзі жеке баласын жедел түрде Түрік Медипол Мега емханасына алып келеді. Уақытылы алынған дұрыс ем арқасында балақай аман-есен жазылып үйіне оралды. Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
75.000 $
11
Ахансеріқызы Айзира, 8 жас
Айзираның диагнозы Қазақстанның Қызылорда қаласында анықталған болатын. Қызының жиі мұрны қанап әлсізденуінің себебін ата-анасы қарапайым анемия деп ойлады, алайда анықталған диагноз әлде қайда күрделірек екендігі белгілі болды, ОЛЛ острый лимфобластный лейкоз (аққан). Мұны ести сала анасы Айзираны бірден жедел түрде Түрік еліндегі Мемориал емханасына емге әкеледі. Уақытылы және дұрыс алынған ем арқасында Айзира толығымен сауығып, елге оралды. Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
51.400 $
12
Нұрділлақызы Жанна, 12 жас
Жанна 5 жыл бойы аққаның өте сирек кездесетін түрі миелодиспластический синдром, рефрактальная анемия ауруымен алысып келе жатыр. Жаннаның өмірін құтқарып қалудың жалғыз тәсілі – жілік майының трансплантациясы.
Мыңдаған жанашырлар мен Жаннаның отбасы арасындағы сенім көпірін құрған біздің Assylay қайырымдылық қорының арқасында Жаннаның еміне 37.500$ жиналды.
Емге бастапқы қаражат пайда болғандығы салдарынан Жанна Түрік еліндегі Медикал Парк емханасына келіп жілік майы трансплантациясына дайындық шарасын бастады. Жаннаның ата-анасы әр қол ұшын созған жанға алғысы шексіз екендігін білдіреді. Қалған қаражатты өз инстаграм парақшаларында жинауда @help.zhanna
128.500 $
13
Марданова Айсулу, 5 жас
15 ақпанда Айсұлудың денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Мардановтар әулеті жедел түрде қызын Түрік еліне алып келеді. Коч (Koch University Hospital) емханасында толық диагностикадан өткізіп, нақты диагноз қойылды - острый лейкоз (лейкемия/аққан). Қазіргі уақытта Айсұлу химитерапия алуды жалғастыруда. Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
200.000 $
14
Берик Арлан, 12 жас
Арланда сирек кездесетін ұрпақтан ұрпаққа берілетін генетикалық ауру: Әуелгі иммунодефицит. Вискот-Олдрич Син­дромі. Бүкіл Қазақстанда бұл диагнозбен тек 2 бала бар. Өкінішке орай бұл ауруды дәрілік терапия емдей алмайды, Беріктің өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы ЖМТ жілік майының трансплантациясы. Уақытында емін ала алмаса мұндай науқастар кәмелет жасыннан әрі өмірін тоқтатады.
Assylay қорымен Арланның еміне 3.000$ жиналды және ем алатын емхана есеп шотына аударылды. Отбасы қалған қаражатты өз бетінше жинауды жалғастыруда. Инстаграм парақшасы @help.arlan. Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
234.548€
15
Аспендиряр Шерияздан 11 жас.
Аспендиярда ми қыртысының қатерлі ісігі. Өкінішке орай, ұзақ емнен соң ауру қайта оралды. Қазіргі уақытта Стамбул қаласының Медипол емханасында ем алып жатыр. Рецидивке қарсы химиятерапия курсы алынуда.
Assylay қорынан Аспендияр еміне емхана есеп шотына 3.000$ төленді. Қалған қаражатты отбасы өз бетімен жинауды жалғастыруда. Толық ақпарат инстаграм парақшасында @aseka_komek. Аспендиярға Жәрдемдесуге қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.
78.700$
16
Made on
Tilda